Бетлибен в креме — инструкция по применению

Инструкция по применению бетлибена в креме, описание действия препарата, показания к применению крема бетлибена, взаимодействие с другими лекарствами, применение бетлибена (крем) при беременности. Инструкции: Бетлибен в мази;
Торговое название: Бетлибен
Международное название: Бетаметазон
Лекарственная форма: Крем для наружного применения 0.05 % 25 г
Показания к применению:
Атс классификация:
D Дерматологические средства
D07 Кортикостероиды для применения в дерматологии
D07A Простые препараты кортикостероидов
D07A C Активные кортикостероиды (группа iii)
Фарм. группа:
Глюкокортикостероиды для местного лечения заболеваний кожи. Глюкокортикостероиды активные. Бетаметазон. Код АТХ D07AC01
Условия хранения:
Хранить в защищенном от света месте при температуре не выше 25 0С. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
2 года. Не использовать после истечения срока годности, указанного на упаковке.
Условия продажи: По рецепту
Описание: Белый, гомогенный крем, почти без запаха

Состав бетлибена в креме

100г крема содержат
100г кремнің құрамында

Активное вещество бетлибена

бетаметазона дипропионат 0.0643 г (эквивалентно бетаметазону 0,0500 г)
0.0643 г бетаметазон дипропионаты (0,0500 г бетаметазонға баламалы)

Вспомогательные вещества в бетлибене

вазелин белый мягкий, парафин жидкий, кремофор A 25 (эфир макрогола цетостеариловый А25), кремофор A 6 (эфир макрогола цетостеариловый А6), спирт цетостеариловый, пропиленгликоль, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, динатрия эдетат, натрия дигидрофосфата дигидрат, динатрия гидрофосфата дигидрат, вода очищенная
жұмсақ ақ вазелин, сұйық парафин, кремофор A 25 (цетостеарилді макрогол эфирі А25), кремофор A 6 (цетостеарилді макрогол эфирі А6), цетостеарилді спирт, пропиленгликоль, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, динатрий эдетаты, натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий гидрофосфат дигидраты, тазартылған су

Показания к применению крема бетлибена

  • себорейный, атопический дерматит, нейродермит
  • экзема
  • псориаз
  • фотодерматит
  • контактный дерматит
  • идиопатический зуд аногенитальной области
  • местные буллезные изменения кожи
  • узловатый муциноз кожи
  • реакции гиперчувствительности кожи на укусы насекомых
  • себореялық, атопиялық дерматит, нейродермитте
  • экземада
  • псориазда
  • фотодерматитте
  • жанаспалы дерматитте
  • аногениталдық аумақтың идиопатиялық қышынуында
  • терінің жергілікті буллезді өзгерістерінде
  • терінің түйінді муцинозында
  • терінің жәндіктер шағуына өте жоғары сезімталдық реакцияларында

Противопоказания бетлибена в креме

  • повышенная чувствительность к дипропионату бетаметазона или любым другим кортикостероидам и вспомогательным веществам
  • бактериальные, грибковые, вирусные кожные заболевания
  • кожные проявления сифилиса
  • туберкулез кожи
  • чесотка
  • розацеа (розовые угри)
  • периоральный дерматит
  • трофические язвы голени, связанные с варикозным расширением вен
  • рак кожи, невус, атерома, меланома, гемангиома, ксантома, саркома
  • вульгарные угри
  • поствакцинальные кожные реакции
  • детский возраст до 1 года
  • бетаметазон дипропионатына немесе кез келген басқа кортикостероидтарға және қосымша заттарға жоғары сезімталдық
  • терінің бактериялық, зеңдік, вирустық аурулары
  • мерездің терідегі білінулері
  • тері туберкулезі
  • қотыр
  • розацеа (қызғылт безеулер)
  • периоральді дерматит
  • көктамырдың варикозды кеңеюіне байланысты сирақтың трофикалық ойық жаралары
  • тері обыры, невус, атерома, меланома, гемангиома, ксантома, саркома
  • тұрпайы безеулер
  • поствакциналық тері реакциялары
  • 1 жасқа дейінгі балалық жас

Побочные действия крема бетлибена

Местно
  • кожная и эпидермальная атрофия
  • стероидная пурпура
  • повышенная чувствительность кожи в виде покраснения, зуда и жжения
  • стероидные угри
  • сухость кожи
  • фолликулит
  • гипертрихоз
  • потница
  • гипопигментация
  • стрии
  • миалгия
  • аллергический контактный дерматит
  • вторичные кожные инфекции вследствие ослабления иммунной системы
Системные побочные эффекты
  • угнетение функции гипоталамо-гипофизарно-надпочечниковой системы
  • замедление роста
  • отставание в прибавке веса
  • повышение внутричерепного давления
  • синдром Кушинга
  • гастрит, изъязвление слизистой оболочки ЖКТ
Жергілікті
  • тері және эпидермальді атрофия
  • стероидты пурпура
  • қызару, қышыну және ашыту түріндегі терінің жоғары сезімталдығы
  • стероидты безеулер
  • терінің құрғауы
  • фолликулит
  • гипертрихоз
  • баздану
  • гипопигментация
  • стрийлер
  • миалгия
  • аллергиялық жанаспалы дерматит
  • иммундық жүйе әлсіреуінен болатын салдарлы тері жұқпасы
Жүйелік жағымсыз әсерлер
  • гипоталамо-гипофизарлық-бүйрек үсті безі жүйесі қызметінің бәсеңдеуі
  • бой өсуінің баяулауы
  • салмақ қосудың аз болуы
  • бассүйекішілік қысым жоғарылауы
  • Кушинг синдромы
  • гастрит, АІЖ шырышты қабығының ойық жаралануы

Особые указания к применению

Следует немедленно прекратить применение лекарственного средства при возникновении кожных аллергических реакций (покраснение, жжение, зуд). Избегать применения большого количества лекарственного препарата для лечения детей из-за способности кожи к повышенной абсорбции. У детей подгузники (особенно синтетические пеленки) могут действовать как окклюзионная повязка, поэтому препарат необходимо использовать с осторожностью и в течение ограниченного времени. Не следует использовать бетаметазон для лечения опрелостей от подгузников более 5 - 7 дней.

Избегайте попадания в глаза и периорбитальную область. Не рекомендуется применять Бетлибен крем на лице, поскольку это может привести к возникновению дерматитов, таких как розовые угри, периоральный дерматит и угревая сыпь. Лекарственное средство не следует использовать с окклюзионной повязкой, поскольку тем самым может увеличиться системная абсорбция, что приведет к возникновению системных побочных симптомов. Не рекомендуется применение для кожи волосистой части головы.

Дети и пациенты с недостаточностью функций печени, которым требуется лечение в течение длительного периода времени, применение Бетлибен крем, особенно с окклюзионной повязкой, следует тщательно контролировать, поскольку это может привести к увеличению абсорбции бетаметазона и системным проявлениям, задержке роста, внутричерепной гипертензии (у детей), угнетению гипоталамо-гипофизарно-надпочечниковой системы, проявлению синдрома Кушинга, гипергликемии и глюкозурии.

Беременность и период лактации
Безопасность применения Бетлибена в период беременности не доказана. Беременным женщинам не рекомендуется применение Бетлибен крема в больших количествах, на больших участках тела, или в течение длительного периода времени. Бетлибен крем следует применять во время беременности, только если потенциальная польза оправдывает потенциальный риск для плода. Матерям, использующим крем Бетлибен в больших количествах, не следует кормить грудью детей.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Лекарственный препарат не влияет на способность управлять автомобилем и работать с техникой.
Терінің аллергиялық реакциялары туындағанда дәрілік заттар қолдануда дереу тоқтату керек (қызару,ашыту, қышыну). Терісінің сіңіру қабілеті жоғары болғандықтан балаларды емдеу үшін дәрілік препараттың үлкен мөлшерін қолдануға болмайды. Жаялық балаларда (әсіресе синтетикалық жаялықтар) окклюзиялық таңғыш сияқты әсер етуі мүмкін, сондықтан препаратты шектеулі уақыт бойына және сақтықпен пайдалану қажет. Бетаметазонды жаялықтан болатын баздануды емдеу үшін 5-7 күннен астам пайдалануға болмайды.

Көзге және көз ұясы аумағына тигізуден сақ болу керек. Қызғылт безеу, периоральді дерматит және безеу бөртпесі сияқты дерматиттер туындауына алып келу мүмкіндігіне байланысты Бетлибен кремін бетке қолдану ұсынылмайды. Дәрілік затты жүйелі жағымсыз симптомдар туындауына алып келетін жүйелік сіңуі ұлғаю мүмкіндігіне орай окклюзиялық таңғышпен бірге пайдалануға болмайды. Бас терісінің шашы бар бөлігіне қолдануға болмайды.

Ұзақ уақыт емдеуді талап ететін бауыр қызметі жеткіліксіздігі бар балаларда және емделушілерде, әсіресе окклюзиялық таңғышпен Бетлибен кремін қолдануды мұқият бақылау керек, өйткені бұл бетаметазон сіңуінің ұлғаюына және жүйелік білінулерге, өсудің баяулауына, бассүйекішілік гипертензияға (балаларда), гипоталамдық-гипофизарлық-бүйрек үсті безі жүйесінің бәсеңдеуіне, Кушинг синдромы білінуіне, гипергликемия және глюкозурияға алып келуі мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі
Бетлибенді жүктілік кезеңінде қолданудың қауіпсіздігі дәлелденбеген. Жүкті әйелдерге Бетлибен кремін көп мөлшерде, дененің үлкен аумағында, немесе ұзақ уақыт бойына қолдану ұсынылмайды. Бетлибен кремін жүктілік кезеңінде егер потенциалды пайдасы ұрық үшін потенциалды қаупін ақтайтындай болған жағдайда қолдану керек. Бетлибен кремін үлкен мөлшерде пайдаланушы аналарға бала емізуге болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік препарат автокөлік басқару және техникамен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Дозировка и способ применения

Взрослым
Тонкий слой Бетлибен крема наносят на поврежденный участок кожи два раза в день легкими массажными движениями. После появления эффекта кратность аппликаций сокращают до 1 раза в сутки. Крем используется для лечения острых мокнущих поражений кожи. В случае более тяжелых поражений частоту нанесения препарата необходимо увеличить. Длительность курса лечения определяет врач в зависимости от тяжести и течения заболевания. Бетлибен крем не должен использоваться с окклюзионной повязкой.

Детям
При местном применении бетаметазона у детей существует риск системной абсорбции и, следовательно, выше проявляется системная токсичность из-за большей площади поверхности кожи по отношению к весу тела, а также из-за незрелого рогового слоя кожи.
Ересектер
Бетлибен кремінің жұқа қабатын терінің зақымданған бөлігіне күніне екі рет жеңіл сылау қимылдарымен жағады. Әсері біліне бастағаннан кейін аппликация санын тәулігіне 1 ретке дейін қысқартады. Крем терінің суланған жедел зақымдануларын емдеу үшін пайдаланылады. Зақымдануы ауырлау жағдайларда препарат жағу жиілігін ұлғайту керек. Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер аурудың ауырлығына және барысына қарай анықтайды. Бетлибен кремі окклюзиялық таңғышпен бірге пайдаланылмайды.

Балаларға
Бетаметазонды балаларда жергілікті қолданғанда жүйелік сіңу қаупі бар, демек дене салмағына қатысты тері аумағының көлемі үлкен болуынан, сондай-ақ терінің қасаң қабығы пісіп-жетілмеуі салдарынан жүйелік уыттылықтың білінуі жоғары.

Взаимодействие с лекарствами

При местном применении бетаметазона дипропионата не наблюдается взаимодействие с другими лекарственными средствами.
Бетаметазон дипропионатты жергілікті қолданғанда басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі байқалмайды.

Передозировка бетлибеном в креме

Симптомы. Большие дозы кортикостероидов, применяемые на большом участке кожи, могут абсорбироваться в систему общего кровообращения и вызвать ухудшение функции надпочечников, синдром Кушинга, сахарный диабет, гипертонию и замедление роста у детей.

Лечение
: Симптоматическое лечение. При необходимости показана коррекция электролитного дисбаланса. В случае хронического токсического действия рекомендуется постепенная отмена глюкокортикостероидов.
Симптомдары. Терінің үлкен бөлігінде қолданылатын кортикостероидтардың үлкен дозасы жалпы қан айналу жүйесіне сіңуі мүмкін және бүйрек үсті безі қызметінің нашарлауын, Кушинг синдромын, қант диабетін, гипертония және балалардағы бой өсуінің баяулауын туындатуы мүмкін.

Емі
: Симптоматикалық ем. Қажет болғанда электролиттік дисбалансты түзету керек. Созылмалы уытты әсер етуі жағдайында глюкокортикостероидтарды біртіндеп тоқтату ұсынылады.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Данные о фармакокинетике препарата Бетлибен отсутствуют. Бетаметазон всасывается через кожу в зависимости от принятой дозы и уровня повреждения рогового слоя кожи. Предполагается, что абсорбируется не более 5% от принятой дозы. Абсорбированный бетаметазон метаболизируется в печени путем гидролиза и окисления и выходит через почки. Проникновение и абсорбция зависят от состояния эпидермального барьера (воспаление и кожные заболевания повышают всасывание). Около 64% бетаметазона связывается с белками плазмы. Период полувыведения составляет 6,5 часов. Менее 5% от сывороточной концентрации бетаметазона выводится с мочой в неизменном виде. Большая часть поглощается под окклюзионной повязкой из-за увеличения местной температуры и влажности.
Бетлибен препаратының фармакокинетикасы туралы деректер жоқ. Бетаметазон қабылдаған дозасына және терінің қасаң қабығының зақымдану деңгейіне қарай тері арқылы сіңеді. Қабылданған дозаның 5% көп емес шамасы сіңеді деп болжанады. Сіңген бетаметазон бауырда гидролиз және тотығу жолымен метаболизденеді және бүйрек арқылы шығады. Өтуі мен сіңуі эпидермальді тосқауылдың жай-күйіне байланысты (қабыну және тері аурулары сіңуді жоғарылатады).

Бетаметазонның 64% жуығы плазма ақуыздармен байланысады. Жартылай шығарылу кезеңі 6,5 сағатты құрайды. Бетаметазонның сарысулық концентрациясының 5% азы несеппен өзгермеген түрде шығарылады. Көп бөлігі окклюзиялық таңғыш астында жергілікті температура және ылғалдылық ұлғаюынан сіңіріледі.

Фармакодинамика

Активное вещество крема Бетлибен - бетаметазона дипропионат является синтетическим адренокортикостероидом, предназначенным для лечения кожных заболеваний. Препарат является аналогом преднизолона с высокой активностью. Основной эффект Бетлибен крема - противовоспалительное действие, связанное с уменьшенным образованием и высвобождением различных медиаторов воспаления кинина, гистамина, лизосомальных ферментов, простагландинов, лейкотриенов и комплементов.

Противовоспалительное действие кортикостероидов, включая бетаметазон, основано на ингибировании фосфолипазы А2. В связи с этим, снижается образование арахидоновой кислоты, предшественника простагландинов и лейкотриенов. Кортикостероиды подавляют миграцию лейкоцитов и макрофагов, что приводит к снижению проницаемости и расширению кровеносных сосудов. Вследствие этого происходит уменьшение пропитывания сыворотки в ткани, а также снижение отека и зуда.

Бетаметазон замедляет хемотаксис в воспаленной области, приводящее в конечном итоге к уменьшению процессов инфильтрации и грануляции. Местное применение бетаметазона является эффективным в лечении некоторых дерматозов и дерматитов благодаря противовоспалительному, противоаллергическому, противоотечному и антипролиферативному действиям. При системной абсорбции может проявляться системное действие, например, задержка воды в организме, гипертония, угнетение функции надпочечников, язвенная болезнь.
Бетлибен кремінің белсенді заты - бетаметазон дипропионаты тері ауруларын емдеуге арналған синтетикалық адренокортикостероид болып табылады. Препарат белсенділігі жоғары преднизолон аналогы болып табылады. Бетлибен кремінің негізгі әсері - әртүрлі қабыну медиаторлары кинин, гистамин, лизосомальді ферменттер, простагландиндер, лейкотриендер және комплементтердің түзілуінің азаюына және босап шығуына байланысты қабынуға қарсы әсері. Бетаметазонды қоса, кортикостероидтардың қабынуға қарсы әсері фосфолипаза А2 тежеуге негізделген. Осыған байланысты, простагландиндер және лейкотриендердің ізашары арахидон қышқылының түзілуі төмендейді.

Кортикостероидтар лейкоциттер және макрофагтардың миграциясын бәсеңдетеді, бұл қан тамырларының өткізгіштігі мен кеңеюінің төмендеуіне алып келеді. Бұның салдарынан сарысудың тіндерге сіңуі төмендеп, сондай-ақ ісіну мен қышыну азаяды. Бетаметазон ең соңында инфильтрация және грануляция үдерістері азаюына алып келетін қабыну аумағындағы хемотаксисті баяулатады. Бетаметазонды жергілікті қолдану қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, ісінуге қарсы және антипролиферативті әсеріне орай кейбір дерматоздар мен дерматиттерді емдеуде тиімді болып табылады. Жүйелі сіңуінде жүйелі әсері білінуі мүмкін, мысалы ағзада су іркілуі, гипертония, бүйрек үсті бездерінің қызметі бәсеңдеуі, ойық жара ауруы.

Упаковка и форма выпуска

По 25 г препарата помещают в алюминиевую тубу, покрытую дважды защитным лаком, с запаянным отверстием пластиковым колпачком. Тубу вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помешают в картонную пачку.
25 г препараттан екі қабат қорғаныш лакпен жабылған, дәнекерленген тесігі мен пластик қалпақшасы бар алюминий сықпаға салынған. Сықпаны медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.